Коронавирус: бір тәулікте 60 адам жазылып шықты

Коронавирус: бір тәулікте 60 адам жазылып шықты

ашық дереккөзі

 width= 28 қарашадағы коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Дәл қазір коронавирус инфекциясынан 11 975 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 822-сі балалар.Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастардың арасында 199 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Ал COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша кейінгі тәулікте 184 жағдай тіркелсе, 1 жағдай өліммен аяқталған. Бір тәулік ішінде 60 адам жазылып шықты. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 41 940, өлім жағдайлары - 440, барлығы 30 422 адам сауығып шыққан.

Жүктелуде...