Вирус бар: Ресей Өзбекстаннан қызанақ пен бұрыш кіргізуге тыйым салды

Вирус бар: Ресей Өзбекстаннан қызанақ пен бұрыш кіргізуге тыйым салды

ашық дереккөзі

 width= Ресей Өзбекстанның Ферғана облысында өсірілген қызанақ пен бұрышты кіргізуге тыйым салды. Оған себепкер болған қызанақта ұрықтың қоңыр қатпар вирусының табылуы болды деп хабарлайды Өзбекстанның инвестиция және сыртқы сауда министрлігі. Министрліктің хабарлауынша ұрықтың қоңыр қатпар вирусы (Tomato brown rugose fruit virus — ToBRFV) бұған дейін Өзбекстан аумағында тіркелмеген. Бұл вирус өсімдіктер арасындағы жаңа вирус болып табылады. «Бұл вирусқа қатысты Еуразиялық экономикалық одақ аясында тыйым салынған құжат жоқ, себебі вирус жаңа типте», — дейді министрлік өкілі.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...