
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілетін жобаны «Standard Steel KZ» ЖШС-гі жүзеге асырды. Мұнда жылына 400 мың тонна өндіріс қалдықтары қайта өңделеді.
Бүгінгі таңда жобаның жылына 250 мың тонна қалдықтарды өңдейтін бірінші желісі жұмысын бастады. Зауыт биыл қараша-желтоқсан айларында толығымен іске қосылғанда 400 адам жұмыспен қамтылады.
Бүгінде қоршаған ортаны қорғау, түсті метал өндірісін дамытуда қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы өте зор. Жоба толығымен іске қосылса, экологияны зиянды қалдықтардан тазартуға зор үлес қоспақ.
Кәсіпорын жұмысымен танысқан Бейбіт Атамқұлов аталған өндіріс орнының экологиялық тиімділігімен қатар, әлеуметтік-экономикалық ролі де зор екенін атап өтті.
Өндіріс ошағы толық қуаттылығында жұмыс істегенде, аумақ зиянды қалдықтардан 3-4 жылда тазартылатын болады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі