Шымкент балалар ауруханасына өкпені желдету аппараты жеткізілді

Шымкент балалар ауруханасына өкпені желдету аппараты жеткізілді

ашық дереккөзі

 width= Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен өкпе желдету аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны Дүниежүзілік Банк өз есебінен гуманитарлы көмек ретінде жеткізіп берген. «HAMILTON-G5» жасанды өкпені желдету аппаратын дәрігерлер жансақтау бөліміндегі науқастарды емдеу үшін қолданбақ.

Қазіргі талаптарға сай  заманауи аппарат ауыр респираторлық ауытқуы бар науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал-жабдық болып есептеледі дейді мамандар. Айта кетейік, қаладағы медициналық  ұйымдарда материалдық-техникалық базаны толық қамтамасыз ету үшін 88 ИВЛ аппараты сатып алынады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 156 ИВЛ аппараты жеткізілді, қазіргі уақытта инсталляция жасалып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...