Шымкенттік БАҚ-тың келбеті журналистердің еңбегі

Шымкенттік БАҚ-тың келбеті журналистердің еңбегі

ашық дереккөзі

 width= Кез келген жағдайға қоғамның пікірін қалыптастыратын, халық пен билік арасындағы көпір, жаңалықтардың жаршысы ретінде танылған журналистердің еңбегі қашанда ерекше. Керек кезде қаламдарын қару ететін, керек кезде жанның емі ететін шымкенттің қалам ұстаған тілшілері елімізде шымкенттік БАҚ-тың келбетін қалыптастырушылар. Қазіргі уақытта шымкенттік тілшілердің өзге аймақтың тілшілерінен белсенді қызмет етіп жүргенін кез келеген республикалық порталдың жаңалықтар лентасынан көруге болады. Әсіресе пандемия, карантин жағдайында халықтың әл-ахуалын, әлеуметтік жағдайын, шымкенттің өндірістік-экономикалық даму қарқынын, кәсіпкерлерді қолдау және олардың кәсібін дамытуға беріліп жатқан мемлекеттік мүмкіндіктер жайлы бүкпесіз шынайы деректер жариялануда. Шымкентте журналистердің еселі еңбегін насихаттаған журналистер қатарында елге сыйлы аға буынмен қатар қаламы қарымды жастар да көп. Бүгінгі дамыған заман көшінде ақпараттың алар орны ерекше. Жыл он екі ай қоғамдық ойдың қозғаушысы, жаңалықтың жаршысы болып, тер төккен қалам иелерінің көбі әлеуметтік желінің белсенділері. Елде енгізілген төтенше жағдай кезінде әлемді жайлаған індетті көзге ілмей қызмет еткен мамандардың бірі – БАҚ өкілдері. Олар  сын сағатта уақытпен санаспай ақпаратты жедел әрі сауатты жеткізе білді. Осы еңбектерін елеген ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр жерлес-әріптестерін журналистиканың дамуына бірлесе үлес қосуға үнемі шақырды.

Жүктелуде...