Несиеге кепіл болғанның кесірінен опық жегендер өте көп
Несиеге кепіл болғанның кесірінен опық жегендер өте көп

«Егер де борышкер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, олар залогқа тігілген мүлкін, кепілінен айырылып қалу мүмкіндігі бар».Иә, мұндай қорқыныш бар. Бірақ... Аржан САДУАҚАСОВ, Заңгер:
«Борышкердің бүкіл мүліктері сатылып, бүкіл мүлігінен өндіріп алған соң ғана ол жасалады».Сізді гарант ретінде банкке сүйреген танысыңыз қарызын уақытылы төлемесе, я болмаса төлем мерзімі өтіп кетсе, қаржылық ұйым сіздің де құлағыңыздың құрт етін жейді. Жанна секілді. Жанна ЕРҒАЛИЕВА, Қала тұрғыны:
«Құрбым кепіл болшы деп өтінді. Мен келістім. Ол несиесін жаптым деген болатын. Бірақ банктен күндіз де түнде де үздіксіз хабарласып отырды. Құрбымның берешегі жөнінде. Бұл жағдайдың жалғасып келе жатқанына 1 жыл».Тыныштықты ұмытасыз. Бұл - бір, мүлкіңізден қағыласыз, екі деңіз. Қарыз алушының кредитті өтеуге жағдайы болмаса, онда кепіл болған адам несиені өз қалтасынан төлеуге міндеттеледі дейді мамандар. Мұның барлығы қаржылық білімсіздіктен. Сауатсыздықтың тағы бір сан соқтырар тұсы... Маржан МАХАМАДИЕВА, Жетекші қаржы кеңесшісі:
«Шарттың талаптарын тиіссіз орындау тек қарыз алушы емес, сонымен қоса қосымша қарыз алушының кредиттік несиелік тарихына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай қаупі бар».Қаржы саласында кепілгерден бөлек, қосымша қарыз алушы деген ұғым бар. Оның да жауапкершілігі жоқ емес. Маржан МАХАМАДИЕВА, Жетекші қаржы кеңесшісі:
«Қосалқы қарыз алушы қарыз алушымен бірге бірлесіп, алған қарызды қайтаруға өз міндеттемелерін бірге мойнына алады. Яғни қосалқы қарыз алушы оны төлеуге міндетті болады. Соны есте сақтаған жөн».Яғни гарант не қосымша қарыз алушы ретінде құжаттарға қол қоймас бұрын ескеретін жайттар өте көп. Қарыздың кай компаниядан алынатынына назар аударыңыз. Ол ұйымның қаншалықты қауіпсіз, сенімді екенін, оның шарттары мен ұсыныстарын мұқият қарап шығу керек. Қосымша өсім мен айыппұл бар-жоғын анықтау қажет. Рауан ЕСБЕРГЕНОВ, Заңгер:
«Гарант дейміз, кепілгер, соозаемщик дейміз. Барлығының сайып келгенде міндеті, ақшаны төлей алмайтын, несие алған адамның жауапкершілігін қамтамасыз ету банкіттің алдында. Банк ақымақ емес. Сіз арқылы ақшаның қайтуын қамтамасыз етіп отырады».Сондықтан, қол ұшын созамын деп, қарыздың қамытын киіп қалмас үшін мамандардан кеңес... Рауан ЕСБЕРГЕНОВ, заңгер:
«Ортақтасып кредит алар кезде, ойласыңыз, банктің құжаттарына қол қояр кезде ойланыңыз. Мың жерден сіздің досыңыз болса да, ертең оның басын күн шалғанда сізді банк мүсіркеп, сен кредит алған жоқсың ғой деп құтқармайды».