Ер азаматтар неке жүзігін неліктен тақпайды?
Ер азаматтар неке жүзігін неліктен тақпайды?

«Әйелінің көзіне қалай шөп салсам екен, қыздармен қалай аралассам екен, отбасылы болып қысылып қалдым деген еркін ойдағы адамды ештеңе ұстамайды. Неке жұзігін тақсын, тақпасын. Айырмашылық жоқ. Белгілі бір себепте қажет етпейтін, бірақ әйелі сенім тұрғысынан талап ететін болса онда мәмілеге келуге болады. Ер кісі әйелі неке жүзігін талап етпейтіндей өзін дәлелдеу керек».Неке жүзігін тақырып қылып таңдаған соң, бұл дәстүрдің тарихын қазбалап көрдік. Деректер бізді ежелгі Грекияға апарады. Сол қолға сақина тағу осы жақтан бастау алады. Еуропалықтардың шылдыр шүмекке тағуының сыры, осы саусақта жүрекпен тікелей байланысты жүйке мен вена қантамырлары бар көрінеді. Әмбе осы арқылы жастардың отбасылық жағдайын білетін болған. Ал Ислам әлемінде оң қолға тағады. Әрі ерлер күміс, әйелдер алтынын таңдайды. Бақытжан ӨТКЕЛБАЙ, Әзірет Сұлтан мешітінің имамы:
«Пайғамбарымыздың хадистері бар. Үмбетімнің еркектеріне жібек пен алтын һарам деген. Әйелдерге болады. Рұқсат берген. Қарап тұрсаңыз ХХІ ғасыр медицинасы шынында алтынның ер азаматтарға зиын екенін дәлелдеді. Гормондық дамуына, ұрпақ көбейтуіне зиян болады екен».Дін шектеуінің ар жағында деннің саулығы жатыр. Зергер мамандарды әңгімеге тартып, күмістің қандай қасиеті барын білдік. Самат ӘЖІБЕКОВ, зергер:
«Өздеріңіз білетіндей, халық күмісті атам заманнан бері пайдаланып келе жатыр. Судың ішіндегі жаман микробтарды бойына сіңіріп, танертең күмісті алып тастап, суды ішетін болған. Оның қасиеті сондай бүкіл жаман вирустарды, микробтарды көретін болса, өзіне тартып отыратын болған. Сол себептен сырты кішкене қараяды».Жүзікті тақ-тақпа деген даудан басталған тақырыпқа осылай бойлай түстік. Сұхбат алған мамандардың дені неке сақинасын тастамай тағып жүру бақытты отбасылық өмірдің кепілі емес деген ойды ортаға салды. Сыйластық пен сезім бар жерде жүзік тек қосалқы дүние болып қалатын көрінеді.