Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына жаңа қызметкер келді

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына жаңа қызметкер келді

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына жаңа қызметкер келді
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтың өкімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Құлбаев Әбілсейіт Батырбекұлы тағайындалды. Әбілсейіт Батырбекұлы 1968 жылдың 10 қарашасында Сайрам ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді қаржыгер, еңбек және техникалық тәртіп мамандығын алған. 1989 жылы әскери борышын өтеген, майор шенді Әбілсейіт Құлбаев еңбек жолын ағаш ұстасы болып 1991 жылы Сайрам ауданындағы Манкент учаскесінде бастаған. Бұдан кейін металл өнімдерін сату мекемесінде есепші, 1993 жылы Сайрам аудандық колхоздар кеңсесінде жетекші маман, ал 1994 жылы І санатты маман – аға есепші болып қызмет еткен. 1996 жылы ОҚО бойынша Қаржы бақылау басқармасында аға бақылаушы ревизор, 1998 жылы Сайрам аудандық қаржы бөлімінің бас есепшісі қызметін атқарды. Әбілсейіт Батырбекұлы 2000-2014 жылдар аралығында ОҚО бойынша Қаржы полициясында түрлі лауазымдарды атқара жүріп, қаржылық, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу барысында мол тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, 2015-2018 жылдар аралығында ОҚО бойынша кірістер департаментінде, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қызмет етті. 2018 жылдың тамызынан 2019 ылдың мамырына дейін Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінде еңбек етіп, бүгінгі таңда Түркістан облысы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне кірісті.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі