Ақсукент, Манкент, Жібек Жолы ауылдық окугтерін жалғап жатқан аудандық маңызы бар Жібек жолы көшесін көркейту мақсатында аудан әкімі Уласбек Сәдібекұлы көшпелі жиынын өткізді. Ұ.Сәдібеков аудандық бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Сала жетекшілері 10 күн ішінде жұмыстаның нәтижесін көрсете бастайтынын айтты. Ал ішкі саясат бөлімі ұлылардың орамды ойы жазылған билбордтар ілуді жоспарлап отыр.
Енді Жібек жолы көшесінің бойындағы үй, кәсіпкерлік нысан иелері де өз аумағын ретке келтіріп, барынша тазалыққа көңіл бөлуі тиіс.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі