Түркістан қаласындағы әуежай әлі ресми ашылған жоқ – Сәкен Қалқаманов

Түркістан қаласындағы әуежай әлі ресми ашылған жоқ – Сәкен Қалқаманов

ашық дереккөзі

 width= Түркістан қаласындағы әуежайда тек техникалық ашылу болған. Ресми ашылу салтанаты келесі жылдың басына жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сәкен Қалқамановтың сөзінше, жаңадан салынып жатқан әуежайдың басты терминалы мен ұшып-қону жолағы дайын. «Қазір әуежайдағы құрал-жабдықтар мен ғарыш навигациясын орнату мен өзге де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Әуежай толық ашылды немесе ертең сол жерден ұшақ ұша бастайды деген мәлімдеме болған жоқ»,- деді облыс әкімінің орынбасары. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде кейбір азаматтар Түркістан әуежайының ресми ашылуы болғанымен іске қосылмаған деген сын айтқан болатын. Тікелей эфир барысында Сәкен Қалқаманов сондай-ақ, Түркістан қаласын газбен қамту мәселесіне де тоқталып кетті. «Көгілдір отын Түркістан қаласына келген. Бүкіл қаланың ішіне газ құбырлары тартылған. Сол құбырларға тұрғындар енді қосылуы керек. Ол үшін «Оңтүстік газ аймақ» компаниясына тиісті төлемер төлесе болғаны. Газға қосылу 89 мың теңгеден басталады. Қазір қала әкімдігі мен облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Жүктелуде...