Түркістандық шаруаларға бидай және жүгері өсірудің инновациялық технологиясы таныстырылды

Түркістандық шаруаларға бидай және жүгері өсірудің инновациялық технологиясы таныстырылды

ашық дереккөзі

 width= Түркістанда ауылшаруашылығы мамандарының «Егінжай күні» атты облыстық семинар кеңесі өтті. Жиынға ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы мен «Түркістан» ӘКК» АҚ өкілдері, аудан-қала ауыл шаруашылығы бөлімдері өкілдері мен ғалымдар, тауарөндірушілер қатысты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Семинарда сала мамандары Түркістан қаласында жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы 2 мың га ұлғайтылып, 13 мың га дейін жеткізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, 23,2 млрд теңгенің 6 ірі инвестциялық жобасын іске асыру қолға алынғанын жеткізді. Ауыл шаруашылығы технологияларын қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жаңа жобалар да қамтылды. Ашық аспан астында өткен жиында облыс орталығы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында 1 458 шаруа қожалықты 9 кооперативтерге біріктіріп, 11 мың га алқапта жаңбырлатып суару технологиясын ендіру мәселесі сөз болды. Аталмыш технология Түркістан қаласының аумағындағы 1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы, 10 мың басқа арналған ірі қара малды бордақылау кешенін құру жобасында, 20 мың тонна құс етін өндіретін және 400 га жерге қара өрік отырғызу жобаларында кеңінен жүзеге асуда. Бұдан өзге, облыс орталығының азық-түлік белдеуінде тұрақты базаны құру үшін бірқатар инновациялық технология енгізілмек. Семинар-кеңесте «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ғалымдары енгізген жем базасын құру үшін жоңышқа және басқа жем-шөп дақылдарын өсірудің, бидай және жүгеріні өсірудің инновациялық технологиясы жобалары агроқұрылымдарға жан-жақты таныстырылды. Мамандар тәжірибе алмасып, ғылыми институттар мен шаруалар алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға қызығушылық танытуда.

Жүктелуде...