Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мамыр айында Түркияға саяхаттауға болады

Мамыр айында Түркияға саяхаттауға болады

Мамыр айында Түркияға саяхаттауға болады
ашық дереккөзі
Түркия Мемлекеті туристтер саяхаттайтын елдердің алдыңғы орында екендігі белгілі. Сауда-саттық пен отбасылық саяхатқа Түркия еліне барушылар көп. Дүниежүзіне тарап үлгерген коронавирус инфекциясы кейбір мемлекеттерде бәсеңдеп жатқаны белгілі. Індеттің ошағы болып саналған аспан асты елінің Ухань қаласы бүгінде карантин режимінен қалыпты жағдайға көшті. Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой туризм саласының жұмысы туралы болжамды айтты. Егер індеттің таралуы бәсеңдеп жатса, мамыр айының соңына қарай, елде туристтік маусымның ашылатынын хабарлайды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап. "Біздің болжам бойынша сәуір айының соңы немесе мамыр айының басында індеттің беті қайтуы мүмкін. Сондықтан ішкі туризм саласында қозғалыстар болуы мүмкін деп ойлаймын,"-деп айтты министр. Оның айтуынша, індеттің таралуы тоқтаса, мемлекет саяхаттаушыларға есікті айқара ашады. Ең алдымен Түркияға азия елдерінен туристтер ағылуы мүмкіндігін алға тартады.