Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың келесі толқынына дайын ба?

Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың келесі толқынына дайын ба?

ашық дереккөзі

 width= Астана медицина университетінде «Денсаулық сақтау жүйесінің келесі COVID-19 толқынына дайындығы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл жиналысқа денсаулық сақтау қызметкерлері мен белсенді оқытушылар қатысты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Конференцияны Астана медицина университетінің ректоры Дайнюс Павалькис ашты. Ол іс-шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, пандемия кезіндегі АМУ қызметі туралы презентация жасады. Ректордың айтуынша, бүгінде профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. КВИ туралы 6 ғылыми жоба жүзеге асырылуда, университеттің 100-ден астам өкілі ауруханада жұмыс істейді, оның ішінде оқытушылар да, студенттер де бар, олардың 59-ы еріктілер. Біліктілікті арттыру және қайта даярлауға арналған оқу тренингтері ұйымдастырылды. Сонымен қатар халықаралық серіктестердің қолдауымен COVID-19 коронавирустық инфекциясының өзекті мәселелері бойынша семинарлар өткізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Соның ішінде коронавирустық инфекцияның даму динамикасы туралы сөз қозғалды. Оның айтуынша, көптеген облыстарда жағдай тұрақты. Тек Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында ғана карантин шаралары сақталған.  width= Тәжірибелік денсаулық сақтау саласының өкілдері КВИ жағдайында стационарлық деңгейде жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығының жетекшісі Татьяна Цехоева қалалық фтизиопульмонология орталығының мысалын қолданса, Анна Цепке - қалалық Нур-Сұлтан инфекциялық орталығы мысалында сөз сөйледі. Оның ішінде ғимараттардың құрылымы мен орналасуы, инфекциялық бақылауды жүзеге асыру, кадр резервін құру, төсек сыйымдылығы және т.б. туралы айтылды. Балалардың жұқпалы аурулар бөлімінің бастығы, еліміздің бас инфекционисті Динагүл Баешева Қазақстанда COVID-19 диагностикасы мен емінің клиникалық хаттамасын енгізу туралы айтты. Әсіресе ол диагноз қоюға және емдеуге ұсыныстар беретін науқастың жағдайының ауырлығына және оның жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін клиникалық хаттаманы ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Инфекциялық аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Шолпан Құлжанова қатысуышларды амбулаториялық деңгейде COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру туралы ақпаратпен таныстырып, барлығын коронавирусқа қарсы шараларды қатаң сақтауға шақырды. Бұдан бөлек халықты белсенді түрде ақпаратандырудың маңыздылығы айтылды. Бұл тураы №8 қалалық емхананың меңгерушісі Айгүл Құбышева да айтып өткен еді. Ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Баян Айнабекованың айтуынша, COVID-19 пандемиясы кезіндегі проблемалардың бірі - гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курсы, МСАК дәрігерлерінің коронавирустық инфекцияның патогенезі туралы білімдерінің жеткіліксіз болуы. Бұл өткен тәжірибені жете бағаламауға байланысты. Мұның нәтижесінде дәрігерлер коронавирустық инфекциядағы түрлі тромбоэмболиялық асқынулар туралы кеш түсінеді.  width= Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Тәжібай КВИ-мен күресте денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдаудың проблемалық мәселелері туралы баяндама жасады. Соның ішінде, медицина қызметкерлері ауруды жұқтырса да, ақысыз ПТР диагностикасынан өте алмауы, қызметкерлерді жалақысыз демалыс алуға мәжбүрлеу және басқа да проблемалар айтылды. Сонымен қатар қаржылық проблемалар туралы да сөз қозғалды. Осыдан кейін кәсіподақ жұмысшыларға қаржылық қолдау көрсету тәсілін қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ коронавирустық инфекция жұқтырған науқастарды емдеу кезінде ерекше еңбек жағдайлары үшін төлемдер жүйесін енгізу де ұсынылды. Қалалық жұқпалы аурулар орталығының бас медбикесі Раушан Абдрахманова медициналық қызметкерлерде КВИ-мен күресу барысында туындаған эмоционалдық проблемалар туралы айтты. Әсіресе, өлейін деп жатқан науқаспен жұмыс жасайтын дәрігерлерге көмек керек екен. Соның ішінде оларға қолдау көрсету үшін психологтар қажет. Конференция барысында КВИ-мен күресте атқарған қызметтері үшін оқытушылар мен студенттер алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды. Пандемия жағдайы медицина мамандарының қоғамдағы рөлін көрсетіп берді. Бұл конференция медицина қызметкерлерінің әрдайым ел тұрғындарының денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында жұмыс істеуге күш салатынын дәлелдеді.  width=

Жүктелуде...