Арман Шораевты полиция тұтқындады

Арман Шораевты полиция тұтқындады

ашық дереккөзі

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті  «төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпаратты тарату» бабы бойынша тергеу жүргізілген қылмыстық істің негізінде қамауға алынған, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция сонымен бірге Шораев «әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратады» деп санайды. Арман Шураев - Президент жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі. «Хабар» агенттігінің орталық бюросының директоры, КТК арнасының бас директоры болған. Президент Әкімшілігінде де жұмыс істеді. 2005 жылы ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының баспасөз қызметін басқарды. Ол Қазақ күресі ұлттық федерациясының президенті болған.

Жүктелуде...