Бірақ ойламаған жерден дерт қайта бас көтерді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы кеше ASU.mn сайты хабарлады. Бұл ақпарат көзінің айтуына қарағанда, 16 сәуір күні 325 адам жаңадан індет жұқтырыпты. Сондай-ақ, қала көлемінде 50333 адам дертке шалдыққан есебінде тіркеуде тұрса, өлім құшқандар адамдар саны 1290-дан күрт көбейіп 3869-ға бірақ жеткен.
Індеттің бұлай құбылуына басты себеп, кейбір ауруханаларда бақылау, қадағалау ісі босап кеткен һәм көптеген емдеу орындары елдегі індеттің алдын алу орталығымен байланысы нашар болған, тіпті кейбір ауруханалар жұмыс жүктемесін дұрыс үйлестіре алмағандықтан індет қайта бас көтерді деген болжамдар жасалып жатқан көрінеді.
Десек де, ДДСҰ тарапынан коронавирустың екінші, үшінші толқыны туындауы әбден мүмкін, бұл 16 айға дейін жалғасады деген ресми мәлімдемесін естен шығаруға болмайтын сияқты.
Бұл оқиғадан бізде сабақ алуға тиіспіз. Ешқашан босаңсуға болмайтыны анық.