Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жерлеу орнын 85000 теңгеден сатқан

Жерлеу орнын 85000 теңгеден сатқан

Жерлеу орнын 85000 теңгеден сатқан
ашық дереккөзі
Зиратта адам жерлеуге берілетін жер телімі қазір 85 мың теңгеге дейін барады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мониторинг жүргізіп, осындай деректерді анықтаған. Ал заңға сәйкес, марқұмды жерлеу үшін жер тегін берілуі тиіс, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.  Зират әкімшілігі квазимемлекеттік болғандықтан, оларға жергілікті әкімдіктен арнайы қаражат бөлінеді. Бірақ, ар-ұяттан безгендер бюджеттен де, марқұмның туыстарынан да қаражат ала береді екен. Бұл арсыздықтарын қазып беру, басына белгі орнату сынды қосымша жұмыстар деп атайды. Мысалы, Таразда – 11 мың теңге. Ал Петропавлда 73 мыңға дейін барады. Оралда христиан бейітінде – 28 мың, мұсылман бейітінде 39 мыңға жетеді. Қосымша қызметтері соның ішінде. Ал Алматыда қаланың төменгі жақтарында 55 мыңнан басталса, Кеңсайда жерлеу 85 мың теңгеге дейін жетеді екен. Агенттік өкілдері осыған көз жеткізген. Тіпті, оны кішігірм кәсіпке айналдырып алған. Мысалы, былтыр елордада Сарыарқа және Алматы ауданы полиция бөлімдерінің 9 қызметкері осындай іспен ұсталған. Олар 102-ге келіп түскен мәліметтерді діни рәсім мекемесінің қызметкерлеріне жіберіп отырыпты. "Егер қандай да бір қызметін ұсынып, соған міндеттеп жатса, онда жергілікті әкімдікке хабарласу керек. Өйткені, ол мекемелердің үстінен әкімдік қарайды. Болмаса, бізге шығуға да болады. Бірақ, жерлеу кезінде жұрттың мұндай мәселелерге зауқы болмайтындықтан, көбіне жабулы қазан күйінде қала береді. Мекеме қызметкерлері де соны ұтымды пайдаланады", - дейді Данияр Якупов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқарма бастығының міндетін атқарушы.