Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстандық журналист 5 млн теңге жинап, мұқтаж жандарға таратпақ

Қазақстандық журналист 5 млн теңге жинап, мұқтаж жандарға таратпақ

Қазақстандық журналист 5 млн теңге жинап, мұқтаж жандарға таратпақ
ашық дереккөзі
Отандық журналист, тележүргізуші Мақсат Толықбай қайырымдылық науқанын жүргізді. Ол үкіметтің 42500 теңге жәрдемақысы түскенше, халыққа қолдау көрсетуді ұйғарды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.  "Жоғеейй, үш күнде жиналмайды" деді. Жиналды ғой. 1 236 768 теңге болды. Бұл жаман көрсеткіш емес. 100 теңге, 200 теңге, 200 мың теңге берген азаматтар да бар. Уәде еткеніміздей, "Асылтас" қоғамдық қоры бұл соманы екі еселейін болған. Қысқасы, қордың президенті Дулат Тастекеев енді 5 млн теңгеге толтырып беремін деді. Яғни, барлығы 200 отбасы 25 000 теңгеден алады. Оның бәрі әділ өту үшін мұқтаж отбасының аты-жөнін көрсетеміз. Іріктеп береміз. Барша атсалысқан ағайынға рахмет!", - деп жазды журналист парақшасында. Желі қолданушылары сол мезетте көмек қажет екенін айтып, толассыз хаттар жаза бастады. "Алладан қайтсын. Шынымен мұқтаж жандарға бұйырсын", "Жарайсызда! Тағы жасасаңыздар екен, осы игі істеріңізге біз де ат салыссақ екен. Көп бере алмасак та шамамызға қарай жіберсек деген едім. Кішкене болса да көмегіміз тисе, куанышты болар едік. Алдын ала рахмет", "Барекелді бауырым Алланын нұры жаусын", - деді олар. Мақсат Толықбай 3000 мұқтаж отбасы хат жазғанын айтты. Сондықтан 200 отбасыны іріктеп алу қиынға соққан. "Маған жекеме шығып жазып жатқандар көп. Әр түрлі тағдырлар. Бәріне көмектескің келеді, бірақ 200 отбасыға ғана көмек тиеді. 5-6 баламен пәтер жалдап жүргендер бар, ауру баласына қарап отырғандар бар, қатқан нанды жібітіп беріп отырғандар бар. Бірінші кезекте осындай отбасыларға көмектесеміз. Апта аяғына дейін ақшаны аударып үлгереміз деп ойлаймын", - деді екінші қайтара видео жолдаған Мақсат мырза.