weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Павлодарлық 65 тұрғынға айыппұл салынды

Павлодарлық 65 тұрғынға айыппұл салынды

Павлодарлық 65 тұрғынға айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Павлодарда медициналық маскасыз көшеде жүрген 65 тұрғынға айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық полиция ақпарат таратты. Ал заңға бағынбай қарсылық танытқандар 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынуда, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. «Полицейлер түнгі сағат 11-де 28 жастағы екі тұрғынды ұстады. Олар карантин режимін елемей, қорғаныс құралынсыз көшеде жүрген. Заң бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодексінің 476-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Ал Тереңкөл ауданында маскасыз жүрген 2 ауыл тұрғынына сот шешімімен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Біләлова. Айта кетейік өңір дүйсенбіден бері карантинге жабылған. Осы аралықта 190-нан астам адам режимді бұзғаны анықталды. Олардың 39-ы қамауға алынса, 115-і айыппұл төлеуге міндеттелді.