Сізге кездесу жақсы өткен секілді. Араларыңызда махаббат ұшқыны пайда болғандай. Алайда бірнеше күн өтсе де, ол сізге қоңырау шалмайды. Бұлай болғанының бірнеше себебі бар.
Оның мүлдем уақыты жоқ Жұмыс уақыты, денсаулыққа қатысты проблемалар, ұзақ сапар. Сіз жаңа таныстық кезінде тағы не боларын білмейсіз. Егер адамның сүйікті ісі, хоббиі, отбасы мен достары болса, оған хат алмасу немесе кездесу үшін уақыт табу қиынға соғуы мүмкін. Бұл ылғи жаман емес. Қарбалас өмір сүретін адамдар қарым-қатынаста драма ұйымдастыруға және серігіне тәуелді болуға бейім болмайды.
Мәжбүр болғысы келмейді Мысалы ол адамға кездесу ұнамады, сонымен қатар сіз де қарым-қатынасты жалғастыруды қаламадыңыз делік. Бұлай болуы мүмкін, егер де:
- Сіз өзіңізді қатал ұстап, әңгімеге араласпасаңыз.
- Адамның өзін бағалауы төмен болып, оған ешкім оны ұнатпайтын сияқты көрінсе.
Сондай-ақ ол сіз бірінші қадам жасауыңыз керек деп ойлауы мүмкін. Әсіресе, әйел адамдар сондай пікірде. Олар жігітті бірінші болып әңгімеге тартуға қысылады. Олардың ойларынша, ер адам қызға бірінші болып жазуы керек.
Алайда заман өзгеріп жатыр. Тозығы жеткен, пайдасыз көзқарастар біртіндеп қолданыстан шыға бермек.
Оған қарым-қатынас қажет емес Адамдардың бәрі отбасылы болуды ойлай бермейді. Кейбіреулер кездесуге жай ғана ермек үшін немесе уақыт өткізуге барады. Егер серігіңіз алғашқы кездесуден кейін хабарласпаса, оған қарым-қатынастың қажеті жоқ деген сөз.
Ол жай ғана сыпайы болды Тек сізге ғана кездесу сәтті өткендей көрінуі мүмкін. Ал оған кездесу ұнамаған да шығар. Ол жай ғана сізді ренжітіп алмау үшін өзінің қандай күйде отырғанын жасырып, сыпайы түр жасаған шығар. Мүмкін сіз оған аса қатты ұнамаған шығарсыз.
Егер сіз оның көңіліне тиетін ештеңе айтпағаныңызды білетін болсаңыз, өзіңізді кінәламаңыз. Адамдар бір-бірімен сәйкес келмей жатады. Бұл - үйреншікті құбылыс.
Оған ойлануға уақыт қажет Кейбір адамдарға кездесуден кейін бәрін саралауға уақыт керек. Мүмкін сіздің серігіңіз осы типтегі адам шығар. Ондай адамдар қарым-қатынасқа жауапкершілікпен қарайды, сонымен қатар адамға жалған үміт бермейді.
Бір-біріңізге сәйкес келмейсіздер Бастапқы кезде бәрі жақсы болады. Уақыт өткен сайын әртүрлі көзқарастағы адам екендеріңізді түсінесіздер. Қалауларыңыз бен пікірлеріңіз бір жерге түйіспейді. Бұл - қарым-қатынастағы ең маңызды жайт.
Ол сіздің нөміріңізді жоғалтып алды Қазіргі уақытта мұндай жағдай орын алмайды десек те болады. Алайда ол адаммен ғаламтор арқылы емес, кәдімгі өмірде танысқан болсаңыз, оның нөміріңізді жоғалтып алуы әбден мүмкін. Ол телефонын сындырып немесе ойда жоқта сіздің нөміріңізді кетіріп алған шығар.
Қандай жағдай болса да, ол адамға өзіңіз қоңырау шалсаңыз, ештеңе жоғалтпайсыз.
Ақмарал БЕРЕКЕТОВА