Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Туған баласын 6 ай бойы шкафта жасырған әйелдің әрекеті әшкереленді

Туған баласын 6 ай бойы шкафта жасырған әйелдің әрекеті әшкереленді

Туған баласын 6 ай бойы шкафта жасырған әйелдің әрекеті әшкереленді
ашық дереккөзі
 width= Ресейдің Карпинск қаласында тұратын әйел адам жаңа туған қызын алты ай бойы шкафта сақтаған. Сәби табылғанда оның жағдайы нашар болған. «Нәрестенің анасы 37 жастағы әйел адам. Ол жүктілік кезі мен босанғанға дейін емханада тіркеуде болмаған екен. Сонымен қатар дәрігерлерге де қаралмаған», деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Mash Telegram каналына сілтеме жасап. Әйел босанғаннан кейін туыстарына нәрестенің қайтыс болғанын айтқан. Ешкім оны өтірік айтып тұр деп ойламаған. Алайда жағдай басқаша өрбіді. Құрбылары әйелдің үйіне қонаққа келген кезде шкаф ішіндегі нәрестені кездейсоқ байқап қалған. Олар дереу тәртіп сақшыларына қоңырау шалған. Ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, нәресте мүлдем тамақтанбағандықтан, арықтап қалған. Қазіргі уақытта сәби Екатеринбург қаласындағы ауруханада емделіп жатыр. Полиция тергеу жүргізуді бастап кетті. Соны қатар қылмыстық іс қозғалды. Айта кететін жайт, күдіктінің тағы екі баласы бар. Олар әжесіне берілді.