Ешқашан жылап тұрып қарама: айнаның адам шошырлық қасиеті

Ешқашан жылап тұрып қарама: айнаның адам шошырлық қасиеті

ашық дереккөзі

 width= Айнаның біз білмейтін қандай сыры бар? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап хабалайды. Кiсi қайтқан үйдің iшiндегi айнаны мiндеттi түрде бетiн жаптырады. Өйткенi, өлген адамның жаны айнада қалады деген түсінік қалыптасқан. Айна - біздің әлем мен тылсым әлемінің ортасындағы байланысқа шығатын портал секілді құрал. ⁣ Адам жылап тұрғанда айнаға қарамағаны дұрыс, өйткені айнаның есте сақтайтын қабілеті бар. Кейін сау адам қарағанда бұрынғы жылаған адамның энергиясы кері әсер бередi деп жатады. ⁣ Ескі бiреуден қалған айнаны қолданбаған дұрыс, өйткенi айна иелерінің энергия толқындары сақталып қалуы мүмкін. Айнаны жиі тұзды сумен жуып тазалап тұрған жақсы. ⁣ Көбiне "айнамен жұмыс iсте, өз-өзіңді бағалауды солай үйрен" деген сөздер айтылады. Айнаға кем дегенде күнiне 1 рет қарап "Мен сұлумын", "Мен баймын", "Менiң өмiрiм қуанышқа толы", "Мен сүйiктiмiн", "Менiң жолым болғыш" сынды әдемi сөздерді 8 рет қайталау керек деген де кеңес бар. ⁣ Бiрақ, айнаға жаман кейпіңмен, жылаған түріңмен қарауға болмайды. Тек қана күлiп қарап, жақсы сөйлеу керек. Себебі, айнаға қарап айтылған сөздің бәрі өзіңізге қайтады. Сондай-ақ, ақша салатын әмиянды да айнаға қаратып қойған дұрыс. Әсіресе, жалақы алғанда энергиясын айнаға сіңірту үшін біраз уақыт айна алдына тастаған абзал. Айта кетейік, осыған дейін Мысырда 2700 жылдық тарихы бар табыт ашылған еді.

Жүктелуде...