«Алименттен қорқып отыр»: Маңғыстаулық ана өз шындығын айтты

«Алименттен қорқып отыр»: Маңғыстаулық ана өз шындығын айтты

ашық дереккөзі

 width= Бала-шағасын шырылдатып, күштеп көлікке мінгізбек болған әйелдің оқиғасы өз жалғасын тапты. Балалардың анасы өз шындығымен бөлісті. Оның айтуынша, бұрынғы жолдасы перзенттерін өзіне әдейі қарсы қойған. Сонымен қатар мұндай қадамға алимент төлемеу үшін барып отыр дейді.  Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жанар Хамзееваның айтуынша, үш баласын бірнеше айдан бері қайтара алмай жүр екен. Әбден мезі болған ана мұндай қадамға шарасыздықтан барғанын айтады. «Мен сенен баланы тартып аламын, баламды саған көрсетпеймін, бала сенен безіп тұр! Сен дәлелдей алмайсың деген секілді әңгімелерді айтты. Ал мен оған заң бар, сот бар деп айттым. Мен анамын, мен балалармды тастаған жоқпын! Өтешпаевтың маған берген 1 000 теңгесі жоқ!», - дейді көпбалалы ана Жанар ХАМЗЕЕВА. Жанар Хамзеева Атырауда жұмыс істейді. Бірнеше жылдан бері екі үйдің ортасында қатынап жүрген. Балалардың қамы үшін күн-түні еден жуып, нәпақасын тауып өмір сүрген. Айтуынша, жолдасы үйіне көк тиында әкелмеген. Ал ажырасқаннан кейін балаларды тартып аламын деп жиі сес көрсетіп, қорқытқан. «Өтешпаев алименттен қорқып отыр. Оған мен балаларымды бер, басқа ештеңе керек емес дедім. Ал бол болса мен саған балаларды көрсетпеймін, сөйлестірмеймін дейді. Карантин ғой, мен қоңырау шалдым, маған жауап бермейді. Итпен ит болмаймын деп, адамшылыққа салдым. Бейнеуде оқыған балаларды Ақтауға алып кетіпті», - дейді көпбалалы ана Жанар ХАМЗЕЕВА. Ал балалардың әкесінің айтар уәжі мүлдем бөлек. Орынбасар Өтешбаевтың сөзінше, бұрынғы әйелі  5-6 айлап Атырауға кетіп қалады екен. Баласы ауырғанда да хабарласып жағдайын сұрамты да. Оның айтуынша, тапқан табысын да көрмеген. «Бұл жерде мен алимент төлеуден бас тартып отырған жоқпын. Алимент төлейтін жағдай болса, мен төлеймін. Балалардың анасы өзінің үйіне, төркініне 4-5 айлап кетіп қалады. Ал балалар қараусыз қалады», - дейді қала тұрғыны Орынбасар ӨТЕШБАЕВ. Сонымен қатар әкесі балаларды анасына қарсы қойғанына келіспейтінін жеткізді. «Балаларға егер де мен сөз үйреткен болсам, анаң жаман деп айтатын болсам, анасына кеше келгенінде ешкімге қарамастан барар еді!», - дейді қала тұрғыны Орынбасар ӨТЕШБАЕВ. Ал заңгер Абзал Бекбосынов «Неке бұзу туралы» заңда баланың тәрбиесіне екі жақтың да міндеті бір екенні айтады. Яғни құқықтары тең. Десе де заңға сәйкес, кәмелет жасқа толмаған балалар анасының қолында қалуы тиіс дейді. «Ал 11 жасқа дейін сотқа жүгінініп сот шешімін шығарады. Әкесінде де қалуы не анасында қалады. Ал неке туралы бапта көрсетілгендей, балалар 11 жасқа толмаған жағдайда анасында қалады», - дейді заңгер Абзал БЕКБОСЫНОВ. Қазір Жанар Хамзеева арнайы сот орындаушылардың көмегіне жүгініпті. Оқиғаның нақты қалай аяқталатыны белгісіз. https://www.youtube.com/watch?v=UBvejdJf3-k

Жүктелуде...