Елімізде "Рамстор" дүкендер желісі жабылып жатыр

Елімізде "Рамстор" дүкендер желісі жабылып жатыр

ашық дереккөзі

 width= "Рамстор" супермаркеттер желісінің құрылтайшысы еліміздегі дүкендерді жабу туралы шешімін айтты. Оның айтуынша, Алматыдағы Ramstore All In ғана жабылмайды. Migros Ticaret A.Ş. компаниясының жоспары туралы Ыстамбұл қор биржасында айтылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша компанияның жиынтық сатылымының шамамен 0,8 пайызын "Рамстор Қазақстан" құрайды. "Компанияның өсім және нарықтағы жағдайға шоғырлану стратегиясына байланысты "Рамстор Қазақстан" бөлшек операцияларын қайта бағаладық. Қазақстанда жұмыс істейтін бір дүкенді беру және алты дүкенді жалға беру, сондай-ақ бұл дүкендердегі жабдықтар мен тауар қорын сату туралы келіссөздар басталды. Аталған дүкендерді беруді елдің монополияға қарсы органы растау керек", - деді құрылтайшы.

Жүктелуде...