Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шашты тықырлап қыру қауіпті процедура ма?

Шашты тықырлап қыру қауіпті процедура ма?

Шашты тықырлап қыру қауіпті процедура ма?
ашық дереккөзі
Көбіне бұл қадамға танымал актерлер, әншілер, спортшылар барып жатады. Әрине, оның көптеген артықшылығы бар: мысалы, тықыр шаш мұқият күтімді қажет етпейді, бас терлемейді және орнына жаңа шаш шығады. Бірақ оның зиянды тұстары да бар. Қауіпті процедура Шашты тықырлап қыру – бір жағынан қауіпті процедура. Трихологтардың айтуынша, қырыну кезінде шаштың түптерін зақымдап алу әбден мүмкін. Яғни, сондай жағдайға тап болсаңыз, шашты қайта өсіргенде көлемі мен сапасы бұрынғыдай болмай қалуы ықтимал. Осы орайда дәрігерлер мүмкін болса шашты нағыз мамандарға алдыруды ұсынады. Әйтпесе, зақымданған шаш өмір бойы қалпына келмей қалады. Ал, «тықырлап алғаннан кейін шаш жақсы өседі» деген пікірге келсек, ғалымдар бұған келіспейді. Өйткені шаш түсі, қалыңдығы, саны және басқа да белгілері ген арқылы беріледі. Ал генді ұстарамен өзгерту мүмкін емес! Терінің зақымдануы Шашты тықырлап алу кезінде тері де зақымдануы мүмкін. Оған қоса, қарапайым гигиена талаптарын сақтамағанның өзінде жаралар арқылы қанға кез келген инфекция түсіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, косметологтардың сөзіне сүйенсек, ұстара жиі тиетін тері қабаты кеуіп кетеді. Сол себепті теріні арнайы құралдармен ылғалдандырып отыру қажет, әйтпесе бас терісі қабыршақтанып кетуі ғажап емес. Күннің кері әсері Шаш бас терісін күннің кері әсерінен әрдайым қорғап тұратындықтан, тықыр баспен күнің астында ұзақ жүру зиянын тигізбей қоймайды. Тіпті, ғалымдардың өзі күнге күю тері обырын тудыратын ең жиі факторлардың бірі екенін анықтаған. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған сәуле түрін канцерогендер тізіміне енгізген. ...және суық! Негізі жылдың қай мезгілі болмасын, температураға сай баскиім киіп жүрген дұрыс. Өйткені суық та шаштың түбіне өте зиянды. Сонымен қатар, басқа суық тисе көптеген сырқаттарға себеп болуы мүмкін. Мысалы, бас ауруы, гайморит, отит, синусит, тонзиллит, есту қабілетінің төмендеуі және т.б. Сол себепті, әрқашан айтылған кеңестерді есте сақтап, қолдануға тырысыңыз. Дереккөз: Ernur.kz