Елші армениялық көлік иелеріне: «Қарызды қайтаратын уақыт келді»

Елші армениялық көлік иелеріне: «Қарызды қайтаратын уақыт келді»

ашық дереккөзі

 width= Арменияның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Олар  армениялық нөмірі бар ресейлік жүргізушілерді Арменияның қарулы күштерінің қатарында көргісі келетіндігін айтты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Kolibri.press-ке сілтеме жасап хабарлайды. «Жылдар бойы ресейлік жүргізушілердің көбі Армения көлігін пайдаланып, Ресеймен салыстырмалы түрде төмен мөлшерде көлік салығы мен кедендік баж салығын төлеген. Осы арқылы олар пайда көрген. Қазір Армения үшін қиын сәт. Енді Арменияға қарызды қайтаратын уақыт келді", – дейді Ресейдегі Армения елшісі Рафик Асагян. Дипломат тағы бір мәселе туралы айтып өтті. "Жүргізушілердің ант беруімен қатар, оларға Армения азаматтығы беріледі. Бұл жағдайда әскери науқан аяқталғаннан кейін Ресейдің жол полициясы жүргізушілерге ешқандай талап қоймайды. Өйткені Армения азаматтарына Ресейде армян нөмірлері бар көліктермен жүруге болады", – деді ол. Жүргізушілерге әскерге шақыру пункттерін Мәскеуде, Краснодарда, Дондағы Ростовта, Сочиде және Симферопольде ашу жоспарланып жатыр.

Жүктелуде...