2,2 мың доллар: Gucci ерлерге арналған көйлекті сатылымға шығарды

2,2 мың доллар: Gucci ерлерге арналған көйлекті сатылымға шығарды

ашық дереккөзі

 width= Италиялық Gucci сән үйі ерлерге арналған көйлек шығарды. Ол жыртық джинсымен үйлеседі екен. Қазіргі уақытта бұл көйлек сатылымға шығып үлгерді. Daily Mail-дың хабарлауынша, көйлек 2,2 мың доллар тұрады. Ол — қызылсары түсті, жеңі қысқа, белінде ақ бауы бар көйлек. Бренд өкілдері атап өткендей, бұл модельдің идеясы «ерлердің жыныстық бірлестігіне апаратын, сананы улайтын қағидаларды жою».  width= Негізінде бұл — жейденің ұзын түрі. Көйлек 90 жылдардағы стильде жасалған. Сән үйінің стилистерінің айтуынша, оны жыртық джинсымен киюге болады. Бұл көйлек алғаш рет 2020 жылдың ақпан айында сән үйінің Миланда өткізген күз бен қысқа арналған киімдер коллекциясында таныстырылды.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...