Жүздеп көз жұмуда: Ресейде халық вирустан қырылып жатыр

Жүздеп көз жұмуда: Ресейде халық вирустан қырылып жатыр

ашық дереккөзі

 width= Ресейде соңғы бір күнде коронавирус 11115 адамнан анықталған. Бұл туралы 7 қазанда арнайы штаб хабарлады. Вирус 85 аймақтың тұрғындарынан анықталған. Ресейде жалпы вирусты жұқтырғандар саны 1248619 адамға жетті. Бір күннің ішінде солтүстік көршімізде вирустан 202 адам көз жұмған. Мамыр айымен салыстырғанда бұл жаңа антирекорд болып тұр. Көз жұмғандардан 41 адам Мәскеу азаматы, ал 30 адам Санкт-Петербург тұрғындары. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлағанын ескертіп, жақында толық оқшаулануды енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...