«Колыбельная» әнімен танылған «Х-фактор» жеңімпазы Аида Николайчуктің өмірі қалай өзгерді?

«Колыбельная» әнімен танылған «Х-фактор» жеңімпазы Аида Николайчуктің өмірі қалай өзгерді?

ашық дереккөзі

 width= «Х-фактор» жобасында жеңіске жеткен Аида есімді қыз естеріңізде ме? Ол 2012 жылы байқаудың кастингіне қатысып, әділ-қазыларды Полина Гагаринаның «Колыбельная» өлеңімен баурап алған еді. Естеріңізде болса, бұл видео ғаламтор желісінде кеңінен тараған болатын. Аиданың өнеріне тек украиналықтар емес, Ресей халқы да тәнті болды. https://youtu.be/kig5yl3QULA Аиданың дауысын естіген қазылар алқасы оны фонограммамен айтып тұр деп ойлаған. Содан кейін одан акапеллада ән айтуын сұраған. Сол кезде ғана олар әншінің нағыз талант екенін түсінген әрі мойындаған. Бұл байқауға келмей тұрып әнші қыз хорда өлең айтқан, сонымен қатар музыкалық топта бэк-вокалист болған. Ал «Х-фактор» жобасының кастингіне келетін кезде киім сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істеген екен.  width= Аида бұл байқаудың үшінші кезеңінің жеңімпазы болды. Жеңіске жеткен әнші қыз дыбыс жазатын компаниямен келісімшартқа қол қойып, Ресей мен Германияға гастрольдік сапармен барып жүрді. Ол шетелде авторлық әндерімен, клиптерімен жұмыс жасады. Бұл кезеңде әртістің шығармашылығында ғана емес, жеке өмірінде де жаңалықтар болды. Ол тұрмысқа шығып, жүкті болды. Өкінішке қарай, тағдырдың жазуымен баласынан айырылып қалды. Жас жұп бұл қасіретке шыдай алмай, ажырасып кетті.  width= Алайда әртіс қайғылы жағдайдан кейін есін тез жиды. Ол Жапонияға музыкалық байқауға қатысып үлгерді. Бұл байқауда да Аида жеңімпаз атанды. Ол 2016 жылы Стокгольмде өтетін «Евровидение» байқауына қатысты. «Inner Power» әнін орындаған әнші жартылай финалға дейін барды. Алайда финалға өтпеді. 2018 жылдың қысында әртістің екі бірдей әні жарық көрді. Бірі – орыс тіліндегі «Зачем» әні болса, келесісі – ағылшын тіліндегі «We’re Under One Heaven» әні.  width= Instagram желісіндегі ақпарат бойынша, Николайчук жеке бренд киімін шығарған. Дәл қазіргі сәтте Аида Киевте баласымен өмір сүреді. Сонымен қатар ол тағы да тұрмысқа шықты.

Жүктелуде...