Батыс Қазақстан облысында 4 елді мекен жойылады. Мұндай шешімді мәслихат депутаттары қабылдады, деп хабарлады Newsroom+ақпарат агенттігі paryz.kz сайтына сілтеме жасап. Атап айтқанда, өңірдің Теректі ауданында орналасқан Сүттігенді, Жаңауыл, Тасаншеген, Қарабас ауылдары өңірлік мәслихаттың 30 қыркүйектегі шешімімен таратылатын болды. Кеңес өкіметі дүрілдетіп беріп, тәуелсіз ел билігі қаңыратып, қараң қалдырған бұл 4 ауылда былтырғы халық санағы бойынша, 50-ден 100-ге дейінгі адам ғана болыпты.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында «экономикалық тұрғыдан болашағы жоқ» деп танылған 8 ауыл жойылған еді. Сондай-ақ, Қостанай облысының тұрғындары да 50-ден аз адам тұрған 5 ауылдың орнын сипап қалды. Енді Солтүстік Қазақстан облысынан 97 ауыл жойылуы тиіс деп болжанған.
фото:
Baq.kz