Зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынамыз - Депутат

Зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынамыз - Депутат

ашық дереккөзі

 width= Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"ДДСҰ деректеріне сай, COVID-19 вирусының ерекшелігі сол – өлім жағдайының көпшілігі жасы 60-тан асқан адамдардың үлесіне тиеді", - деді депутат Айқын Коңыров.
2020 жылы қаңтар-тамыз аралығында қазақстандықтар арасында 110 981 өлім тіркелді, оның ішінде 78 637 адам (71% пайыздан астамы) 60-тан асқан адамдар. Мәжіліс депутатының сөзінше, жасы 60-тан асқан адамдар қосымша қауіпсіздік шараларын талап етеді.
"Халықтық коммунистер" фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. 2013-ші жылы біз әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруге қатысты реформаны қолдамадық. Бүгін азаматтардың пікірлерін ескере отырып, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жас деп белгілеуді ұсынамыз", - деді Қоңыров.
Депутаттардың пікірінше, бұл шара қарт адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасап қана қоймай, еңбек нарығына да оң әсерін тигізеді.

Жүктелуде...