Оқу орнына түсіріп беремін деген алаяқ 5 миллион теңгеден астам ақшамен ұсталды

Оқу орнына түсіріп беремін деген алаяқ 5 миллион теңгеден астам ақшамен ұсталды

ашық дереккөзі

 width= Қызылордалық тәртіп сақшылары қала тұрғының алдап 5 млн 245 мың теңгені иемденген 1992 жылғы жігітті ұстады. Жұмысқа орналастырамын, қол жетімді бағамен кезексіз баспана алып беремін және кез-келген оқу орнына түсіру қолымнан келеді. Осындай уәделерді үйіп төккен алаяқ 27 жастағы қала азаматшасын өз қармағына түсіріпті. Жаңа танысына құдайындай сенген жәбірленуші үлкен соманы мамыр айында берген екен. Содан кейін алаяқ бой тасталап, ізін суытыпты. Полиция қызметкерлері алаяқты не бары екі күнде іздеп тауып, қамаққа алды. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі анықталуда. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Мейрамбек Абдуллаев, Қызылорда қалалық полиция басқармасының тергеушісі:

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті, бұрын сотты болған, 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне ірі мөлшерде жасалған алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде"

Жүктелуде...