Сәтбаевтағы оқиға: бес жасар қызды зорлаған күдікті суицид жасаған

Сәтбаевтағы оқиға: бес жасар қызды зорлаған күдікті суицид жасаған

ашық дереккөзі

 width= Сәтбаевта бес жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған ер адам тергеу изоляторы камерасында асылып қалған деген мәлімет әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Жазаланушының асылып қалғаны туралы хабарлама Instagram желісіндегі Патриот Караганды парақшасында жарияланған болатын.

"Оны кезекші асылып қалған күйінде тапқан. Күдікті 62 жаста еді. Алдын ала болжам бойынша ол өзіне суицид жасаған. Ақпарат сенімді, дереккөздер бұл мәліметті растады", - деп жазылған желіде тараған хабарламада.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті бұл хабарламаға қатысты пікір білдірді.
"6 қазанда Қарағанды тергеу изоляторында кішкентай қызды зорлағаны үшін қамауға алынған күдіктінің денесі табылды. Келген жедел медициналық жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінде қандай да бір дене жарақаттары анықталған жоқ. Осы дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
 

Жүктелуде...