weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Назарбаев президенттікке не үшін Тоқаевты ұсынғанын мәлімдеді

Назарбаев президенттікке не үшін Тоқаевты ұсынғанын мәлімдеді

Назарбаев президенттікке не үшін Тоқаевты ұсынғанын мәлімдеді
ашық дереккөзі
 width= Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы қып не себепті ұсынғанын айтты. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті "Абай аманаты" мақаласында жазды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатпас бұрын, ел басқаратын адамды ұзақ зерттеп, тәжірибесіне зер салғанын айтты.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым", – деді Назарбаев.