Мемлекет басшысы өте маңызды заңға қол қойды

Мемлекет басшысы өте маңызды заңға қол қойды

ашық дереккөзі

 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тергеушілердің жауапкершілігін күшейтіп, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық жасауға тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Заң мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды. Туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және басқаларға бағытталған нормалар да көзделген.  

Жүктелуде...