Украинадағы демократия үшін 20 000 000 еуро

Украинадағы демократия үшін 20 000 000 еуро

ашық дереккөзі

 width= Еуро одақ пен Украина арасында алты бірдей қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған келісім жасалды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі ГОРДОН басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Украина мен ЕО арасында «Берік аймақ» бағдарламасы бойынша Еуро одақ 30 млн еуро салым салатын келісімге қол қойды. Бұл ақша аймақтағы COVID-19 панедмиясынан зардап шеккендерге әлеуметтік жақтан қолдау көрсетуге бағытталған. Бұдан бөлек «Украинадағы азаматтық қоғамды қалыптастыру механизмі» шеңберінде елдегі демократияны дамыту үшін 20 млн еуро көлеміндегі ақша бөлуге қол қойды. Аталған ақша елдегі азаматтардық құқығын сақтау, реформаларды жүзеге асыру, азаматтырдың белсенділігін арттыруға негізделген. «Тұрақты экономика» бағдарламасы үшін ЕО Украинаға 10 млн еуро ақша бөледі. Бұл қаржы елдегі климат мәселесіне қарай, қауіпсіз әрі таза өмір салтын қалыптастыру арқылы, экономиканы тұрақтандыруға бағытталған. Аталған келісімдерден бөлек Украина мен Еуропа инвестиция банктері арасында тағы үш бағдарлама жүзеге асады.

Жүктелуде...