«300 мың қарызы бар»: Аналарынан айырылған жетімдер үйлі болды

«300 мың қарызы бар»: Аналарынан айырылған жетімдер үйлі болды

ашық дереккөзі

 width= Жетімдер баспаналы болды. Қызылордалық Евгения Базаркина 18 жасында анасынан айырылып, кәмелетке толмаған сіңілісі және інісімен бірге далада қалулары мүмкін еді. Себебі марқұм аналарының банкке 300 мың қарызы бар болған. Осыны желеу еткен жеке сот орындаушылар пәтерлерін арестке қойған. Салдарынан жергілікті билік апатты деп таныған үйдің орнына жаңа пәтерге Базаркиналар кезекке тұра алмады. Біздің эфирді көрген халық жетімдерге қаржылай көмек көрсете бастаған еді. Тек қазақстандықтар ғана емес, Евгенияға шет елден де жүректері мейірімге толы жандар хабарласқан. Міне, араға бір айдан аса уақыт салып отбасы түскен қаржатқа 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Қазіргі және бұрынғы жағдайды салыстырғанда, бізде барлығы жақсы! Мың да бір шүкір айтамыз, халыққа да рахмет айтамын! Халықтың арқасында үйлі болып жатырмын. Жаңа үй болған соң жаңа жиһаздарға толтырып жатырмын. Алдағы уақытта інім мен сіңілімді аяқтарына нық тұрғызғым келеді және өзім де жоғарғы оқу орнына тапсырғым келеді», - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Евгения БАЗАРКИНА. Қызылорда қаласында бүгінде үйлері апаттық санатқа тіркелген 167 азамат бар екен. Осы жандарға жаңа баспана беру мәселесі қала әкімдігінде қаралып, жоғарыға ұсыныс беріліпті. Апатты үйде тұрып жатқан қызылордалықтардың тұрғын үй мәселесі алдағы жылы шешмін таппақ екен. Шенділер Евгения Базаркинаны өз қамқорларына алғандарын сөз етті. «Базаркинаның отбасына байланысты анасының атындағы несие толық қала әкімдігі тарапынан жабылды. Ендігі кезекте сол анасының атындағы үйді өзінің атына рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Сол толық рәсімделгеннен кейін апаттық санаттағы азаматтардың тізімне қойылатын болады», - дейді Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобильдік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан ДАЛАБАЕВ. https://www.youtube.com/watch?v=UCGwmsNf-_Q

Жүктелуде...