Сот шешімі: Ата-анасы ажырасқан балалар анасымен бірге тұруды қаламайды

Сот шешімі: Ата-анасы ажырасқан балалар анасымен бірге тұруды қаламайды

ашық дереккөзі

 width= Кәмелет жасқа толмаған балалар анасымен тұрудан бас тартты. Бүгін әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің бұрынғы күйеуінің үйінен балаларын күштеп көлікке отырғызып жатқан видеосы тарады. Құзырлы органның мәліметінше, ерлі-зайыптылар ажырасқан, және де бұған дейін балалар әкесімен бірге тұрып келіпті. Алайда сот шешімі бойынша олар анасына беріліпті. Бірақ әкесіне әбден бауыр басып қалған балалар өздерін күштеп әкетпек болған кезде барғылары келмей, қарсылық білдірген. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін келіншек тәртіп сақшыларына бұрынғы күйеуі сот шешіміне қарамастан балаларын бермей жатқанын айтып, шағымданыпты. Содан кейін кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор мен жергілік учаскелік полицей балалардың тұрғылықты мекен-жайына барған. Бірақ балаларына анасымен бірге баруға бас тартса, психикасына кері әсер етпеу үшін қалдыру керектігін ескерткен. Ал бұл оқиға 2 қазан күні Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында болыпты. Полиция қызметкерлері балалардың анасымен барғысы келмейтінін көріп, келіншек пен оның адвокатынан сот шешімін көрсетуді сұраған. Бірнеше уақытқа созылған дау-дамайдан кейін балалар әкесіне қайтып оралыпты. https://www.youtube.com/watch?v=LSr-EBY0yzs

Жүктелуде...