Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қырғызстан президенті: қоғамның тұрақтылығы депутат мандатынан биік

Қырғызстан президенті: қоғамның тұрақтылығы депутат мандатынан биік

Қырғызстан президенті: қоғамның тұрақтылығы депутат мандатынан биік
ашық дереккөзі
 width= Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесіне наразылар Ақ үй, парламент ғимаратын басып алып, елде халықтық үкімет құру қажеттігі жайлы мәлімдемелер айтыла бастаған шақта президент Сооронбай Жээнбеков видеомәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. Жээнбеков мәлімдемесінде саяси күштер билікті заңсыз тартып алуға әрекет етіп, сайлауды сылтауратып, қоғамдық тәртіпті бұзды деп наразыларды айыптаған.
"Қала тұрғындарының тыныштығын бұзды. Тәртіп сақшыларына бағынбай, дәрігерлерді сабап, ғимараттарды талқандады. Қан төгілмесін, бір де бір азаматтың өміріне қауіп төнбесін деп күштік құрылымдарға оқ атпауға бұйрық бердім. Қазірге дейін жағдайды ушықтырмау үшін мүмкін болған әрекеттің барлығын жасадық. Мемлекеттік тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы депутат мандатынан биік" деді Жээнбеков.
Ол мәлімдемеде саяси партияларды үміткерлерін наразылық ошақтарынан алып кетуге және барлық күштерді заң аясында әрекет етуге үндеген. Жээнбеков орталық сайлау комиссиясына заңбұзушылықтарды зерттеп, қажет болса сайлау қорытындысын жоққа шығаруды да ұсынған.