Сүрелерді әурет жерге қарап оқитын молда - Мүфтият мәлімдеме жасады
Сүрелерді әурет жерге қарап оқитын молда - Мүфтият мәлімдеме жасады
Әурет жерлерге қарап сүре оқиды. Әйелдерді шешіндіріп емдейтіп молда туралы Мүфтият мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелдің әуретті жерлерін ашып, денесіне жазбалар жазып, «емдеп» жатқаны жайлы бейнеролик тарады. Осыған байланысты төмендегіні мәлімдейміз:
Біріншіден, бұл оқиға Қазақстанда болмаған. «Емдеуші» мен «емделуші» шет тілінде сөйлесіп жатқаны анық байқалады.
Екіншіден, осы оқиғаны елімізде болған және «емдеушіні» «имам» деп түсініп жатқандар бар. Бұл оқиғаның біздің елге және біздің имамдарға қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.
Оқи отырыңыз: Әйелдерді шешіндіріп емдейтін молда пайда болды Үшіншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерінің этикасына қатысты қабылдаған құжатына сәйкес, мұндай әрекетке жол берілмейді және қатаң тыйым салынады.
Шетелде орын алған осы жағдайға байланысты пікір білдерген кезде аса мұқият болуларыңызды сұраймыз»,-делінген ҚМДБ ресми парақшасында.