Жаңалықтар

Сүрелерді әурет жерге қарап оқиды – әйелдерді шешіндіріп емдейтін молда пайда болды

2.6
(10)

Әйелді шешіндіріп «емдеген» молда жұрттың ашуына тиді. Бейнекөріністі Тортуыл Шоқан есімді оқырман өз парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Видеода белгісіз бір молда алдына келген әйелді «емдеп» жатқанға ұқсайды. Оның құранға ұқсас кітапты ашып қойып, әйелдің жалаңаш денесіне жазу жазғанын байқауға болады. Бұны көрген көпшілік «молданың айтқанын да, істегенін де істеме» деп жазуда. Бейнекөріністің қайда және қашан түсірілгені белгісіз.

«Масқара! Әуреттің бәрін жауып, тазаланып болып оқитын сүрелерді әурет жерлерді ашып қойып, жазып бергені несі?!», «Адасушылық, исламға дым қатысы жоқ нәрсе», «Осындай ақымақ, ұястыз әйелдер де бар» деп жазды оқырмандар.

Видеоның толық нұсқасы мына сілтемеде https://www.facebook.com/nurjansemsk/videos/3491135820929879

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.6 / 5. Бағалар саны: 10

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close