weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Коронавирус жұқтырған қызылордалықтар туралы мәлімет шықты

Коронавирус жұқтырған қызылордалықтар туралы мәлімет шықты

Коронавирус жұқтырған қызылордалықтар туралы мәлімет шықты
ашық дереккөзі
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам туралы ақпарат жариялады. Науқастардың барлығы Қызылорда қаласынан анықталған. Ауру жұқтырғандардың екеуі – 40 жастан асқан әйел адамдар, қалған екеуі – 24 және 54 жастағы ер адамдар. «Науқастар коронавирус инфекциясымен ауырған адамдармен байланыста болып жұқтырған. Зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр», - делінген хабарламада. 16 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 131-ге жетті. Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 4, ем қабылдап жатқандар саны – 127.