«Бекіре – 2020» акциясының алғашқы екі аптасында 3,7 тонна балық тәркіленді
«Бекіре – 2020» акциясының алғашқы екі аптасында 3,7 тонна балық тәркіленді
ашық дереккөзі
«Бекіре – 2020» акциясының басынан бері табиғатты қорғау органдары мен шекара қызметінің мамандары 250 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке 100 заң бұзушы тартылып, 4 қылмыстық іс қозғалды. 1,5 млн теңге сомада әкімшілік айыппұл салынып, 3,7 тонна балық тәркіленді, оның ішінде 333 кг бекіре тұқымдас балық түрі, 15,4 кг бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы және 600 заңсыз аулау құрылғысы тәркіленді.
Қазіргі уақытта акцияны өткізуге 800 қызметкер, 60 жүзу көлігі, 116 автокөлік, 2 тікұшақ жұмылдырылды. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында 44 жылжымалы және стационарлы посттар құрылды.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 14 сәуірде сағат 11:45 шамасында «Бекіре -2020» акциясы аясындағы рейдтік шара жүргізу барысында Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Дамбы бөлімшесінің инспекторлары Атырау қ. Жайық өзенінің бойындағы Еркінқала кентінің аумағында (ерекше қорғалатын табиғи аумақ) заңсыз балық аулап жүрген 4 заң бұзушыны анықтады.
Балық қорғау қызметкерлері заң бұзушыларға өздерін таныстырып, іс жүргізу құжаттарын рәсімдеуге кіріскен кезде бұзушылар қарсылық көрсетіп, өздерінің Урал маркалы мотоциклдерін өрттеп, белгісіз бағытта бой тасалады. Бұл фактыны Дамбы бөлімшесінің қызметкерлері ұялы телефонға бейнеге түсірді.
Оқиға орнынан келесі айғақ заттар тәркіленді: жалпы салмағы 270 кг болатын қара балық түрлері, 4 дана заңсыз балық аулау құралы - моноталшықты «қытай ауы», қолдан жасалған жүзу құралы және Урал маркалы мотоцикл. Балық ресурстарына келтірілген шығынның сомасы 900 072 теңгені құрайды.
Аталмыш факты бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335 бабымен қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдарына жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі үш мемлекеттік инспекторлардың өміріне қауіп төндіру фактысы бойынша ресми өтініш жолданды.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі