Нұр-Сұлтан қаласында 63 жастағы ер адам көп қабатты тұрғын үйдің оныншы қабатынан секіріп кеткен деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам оқиға орнында көз жұмған "1957 жылғы азаматтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйелінің айтуынша, 15 сәуір күні сағат 13.48-де күйеуі оныншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен", - делінген хабарламада. Ведомство қылмыстық іс аясында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.