Түркістан: әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің онлайн байқауы жарияланды

Түркістан: әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің онлайн байқауы жарияланды

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылатын ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі биылғы жылы онлайн режимінде өтетін болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жайлы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің президенті Шәріпбек Жамалбек пен «Береке» қоғамдық бірлестігінің координаторы Гүлсім Андабаева мәлім етті. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі «Түркістан облысы аудандық ҮЕҰ-ның дамуына қолдау көрсету» жобасы шеңберінде жүзеге асуда. Аталған жоба Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Береке» қоғамдық бірлестігі мен «Түркістан облысы Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткелі отыр.  

Жүктелуде...