Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Екі түркістандық карантинде той жасап, қыздарын ұзатқан

Екі түркістандық карантинде той жасап, қыздарын ұзатқан

Екі түркістандық карантинде той жасап, қыздарын ұзатқан
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысында карантинге қарамастан, той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Енгізілген карантинге байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті күшейтілген режимдегі қызметін жалғастыруда. Санитарлық талаптардың орындалуын қадағалау, соның ішінде адам көп жиналатын басқосуларды, той-жиындар мен іс-шараларды анықтау бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі. «Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд барысында үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, қыз ұзату жиынын жасаған тұрғынды анықтады. Бұл жайтты полицейлер өздерінің күндізгі рейдтеріне кірісіп, үйлерді аралау барысында анықтаған. Дәл осындай жайт Кентау қаласында да орын алды. Жергілікті тұрғын Кентаудағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасағаны анықталды», - деді Полиция департаментінен. Аталмыш екі факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425–бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша хаттама толтырылған. «Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулығы үшін дұрыс болмақ», - дейді тәртіп сақшылары.