Түркістан: Шардарада Абайдың өмірі насихатталды

Түркістан: Шардарада Абайдың өмірі насихатталды

ашық дереккөзі

 width= Шардара ауданындағы Абай ескерткішінің алдына гүл шоғы қойылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев пен мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы Ш.Қапбаров бастаған бір топ қызметкер қатысты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ескерткіштің алдында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев келешек ұрпаққа өшпес із қалдырған Ұлы Абайдың ғұмырынан сыр шертіп, ойшылдың өнегелі өмірін әрбір қазақ мәңгілікке үлгі тұту керектігін атап өтті. Жеткіншектер Ұлы Абай өлеңдерін онлайн түрде жатқа оқып, бүкіл елге челлендж жолдады. Аудандағы орталық және ауылдық жерлердегі кітапханаларда ұлы ақының өлеңдері айтылып, онлайн концерттер ұйымдастырылды. Айта кетейік, бүгінде шалғай ауданында кемеңгерге ерекше құрмет көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, Шардара қаласындағы орталық көше Абай атымен аталады. Мектептерге де ұлы ойшылдың есімі берілген.

Жүктелуде...