Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр – полиция

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр – полиция

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр – полиция
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Сайтта жарияланған ақпараттарға қарағанда, жаз мезгілі келіп, күн ысыған сайын өзен-көлдер мен каналдарға барып суға түсушілер көбейеді. Алайда Түркістан облысының бас санитария дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, карантин талаптарын қатаң ұстану үшін сонымен бірге әр азамат өз денсаулығын сақтау мақсатында шомылу маусымынан уақытша бас тартқаны жөн. «Дей тұрғанмен бүгінгі таңда бетпердесіз жүрген азаматтардан бөлек, карантинге бағынбай, бас қосу арқылы суға түсіп заң бұзғандар саны азаяр емес. Осындай олқылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты полиция басқармалары мен бөлімдері орналасқан аудандарда рейд жұмыстары күшеюде»,-делінген хабарламада. Мәселен, Бәйдібек ауданының полицейлері рейд кезінде карантин талаптарына қарамастан, суға шомылып жүрген 55 азаматты анықтады. Тәртіп сақшылары оларға ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен хаттама толтырды. Дәл осындай жайт Сарыағаш ауданында да болды. Сарыағаштық сақшылар ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен 69 азаматты ұстады. Сондай-ақ оларға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.