Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бәйдібек ауданында коронавирустан сауыққан 86 жастағы қарт дәрігерлерге алғыс айтты

Бәйдібек ауданында коронавирустан сауыққан 86 жастағы қарт дәрігерлерге алғыс айтты

Бәйдібек ауданында коронавирустан сауыққан 86 жастағы қарт дәрігерлерге алғыс айтты
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында пандемиямен күресті күшейту үшін орталық ауруханада 82 провизорлық орын мен 50 инфекциялық госпиталь дайындалған. Қазіргі таңда келіп түскен науқастардың 80 пайызы жазылып шыққан, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Емдеу мекемесінде ем қабылдап сауығып шыққандардың бірі Кәрімжан Сайдов дәрігерлерге алғыс айтты. 86 жастағы қария ауруханаға 81 жастағы жұбайымен бірге түскен еді. Оларға COVID-19 және өкпенің екі жақты төменгі қабынуы диагнозы қойылып, дәрігерлердің қатаң бақылауында болған. Ерлі-зайыпты науқастарға тиісті емдік шаралар қолданып, 14 күндік емнен кейін ауруларынан айыққан. Қазіргі таңда зейнеткерлер үйлеріне шығарылған. Айта кетейік, Бәйдібек ауданы орталық ауруханасына тек жергілікті тұрғындар ғана емес, көрші аудандардан келген науқастар да емделуде. Олардың ішінде Кентау, Ордабасы, Созақ, Түлкібас аудандарының тұрғындары бар.