Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мақтаарал ауданында 115 үйдің құрылысы толық аяқталды

Мақтаарал ауданында 115 үйдің құрылысы толық аяқталды

Мақтаарал ауданында 115 үйдің құрылысы толық аяқталды
ашық дереккөзі
 width= Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары тынымсыз жүргізіліп, жаңадан салынып жатқан ықшамаудандағы 115 үйдің құрылысы толық аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездемеде айтылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жиында баяндама жасаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпалиев Мақтаарал ауданында 386 үйдің қабырғасы қаланғанын атап өтті. Сондай-ақ, баспаналардың басым бөлігінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Жалпы Түркістан облысы бойынша құрылыс нысандарын салуға 9 мыңнан астам, ал Түркістан қаласында 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Барлық нысандарда елдегі карантин талаптары қатаң сақталуда. Жұмысшылар тиісті сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуде. Түркістан қаласында құрылысы тоқтаған нысандар жоқ»,- деді Тоқтар Үсіпалиев. Басқарма басшысы сондай-ақ, Мақтаарал аудандағы құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме мен 1400 жұмысшы, 87 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарына тартылғанын айтып өтті. Мырзакенттегі жаңа тұрғын ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша және дәрігерлік амбулатория мен полициялық участок құрылысы жүргізіліп жатқанын баяндады. Мұнымен қатар, Фердауси ауылынан дәрігерлік амбулатория мен полиция бекеті, Өргебас ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт пен полициялық бекет салынып жатқанына тоқталды.