Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда «Мың алғыс» акциясы жалғасын тапты

Түркістанда «Мың алғыс» акциясы жалғасын тапты

Түркістанда «Мың алғыс» акциясы жалғасын тапты
ашық дереккөзі
 width= Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Мың алғыс» акциясы Созақ ауданында өз жалғасын тапты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков бастаған топ аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесінде өз отбасынан, балаларынан алыстап, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлерге алғыс білдірді. Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков «Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздер елімізге пандемия басталғалы бері күн-түн демей арпалысып, отбасыларыңыздан жырақта білімдеріңіз бен күштеріңізді жұмсап, бастарыңызды қауіп-қатерге тігіп аянбай еңбек етіп жатырсыздар. Сіздерге осынау еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби өрлеу, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз» деп ақжарма тілегін жеткізді. Созақ аудандық Орталық ауруханасының Бас дәрігері Талғат Әлішерұлы Қалдыбеков пен Таукент кенті емханасының меңгерушісі Алма Мейрамбекқызы Құрманбекованың өңірлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» медалін тақты. Акцияға Созақ ауданы әкімдігі мен Жастар Ресурстық Орталығы қызметкерлері, Jas Otan жастар қанатының мүшелері, Value волонтерлар ұйымы белсене атсалысты.